«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті
2026 жылғы 9 қазанда 5–6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Аталған олимпиадаға мектебімізден барлығы 16 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 5-сынып оқушысы Толқын Бейбарыс,Ахатқызы Гәусар,Алғабек Біржан жүлделі І орынға, Махмуд Зарина ІІ орынға, Джунисбай Жасулан ІІІ орынға иеленді. 6-сынып оқушысы Джунисбай Сабыржан,Қалманұлы Ақселеу,Кеунимжай Жанерке жүлделі І орынға,Әлібекқызы Меруерт ІІ орынға,Ырысбек Әли ІІІ орын иеленді.Қалған оқушылар сертификат алды.
Бұл жетістік – жүйелі дайындықтың, жоғары білім деңгейінің және педагогтердің кәсіби еңбегінің нәтижесі.
Жүлдегерді және оның жетекшілерін жақсы нәтижемен құттықтай отырып, алдағы уақытта аудандық деңгейде биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз!
